Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір қазақ қызы мұңайса, сендер кінәлісіңдер": Нұрлан Албан ерлер қауымына үндеу жасады

Жарияланған күні:

Нұрлан Албан
Видеодан кадр: Youtube/Ulysmedia

Отандық танымал әнші Нұрлан Албан қазақ жігіттеріне үндеу жасап, ақыл-кеңесін айтты. Өнер иесі қыз-келіншектерге барынша қорған болып, оларға асқан сыйластық таныту керектігін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрлан Албанның көпшілік алдында сөйлеп жатқан видеосы Instagram желісінде тарап кетті. Онда әнші ерлер қауымына қыздардың қоғамдағы рөлін түсіндіруге тырысқан. Ол қыз-келіншектердің әр тамшы жасына ер азаматтар ғана кінәлі екенін айтты.

"Бір қазақтың қызы мұңайса, оған кінәлі - сендерсіңдер. Қазақ қызының көзінен себепсіз бір тамшы жас та ақпау керек. Сондықтан жігіттер қазақ қыздары - біздің көзіміздің қарашығы. Ұлтымыздың тұнығы, қыз деген кие, қыз деген періште. Қыздардың бір қиналғанын, налығанын, мұңайған жанарын көрмеуіміз керек. Бұл осындағы жігіттерге қаратып айтылған сөз. Бір қазақтың қызының тірлігі жүрмей қалса, оған сендер кінәлісіңдер. Өздерің ғана таппай, оған да қолдау білдіру керек. Ол саты өте нәзік болса да, қаншама ауыртпашылықты арқалап жүр. Олар сендерді көріп қалса, қорқынышы басылады, сенімі ұлғаяды. Сол себепті қазақ жігіттері бірде-бір қазақ қызының назына қалмау керек", - деді Нұрлан Албан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2088737-bir-qazaq-qyzy-munaisa-sender-kinalisinder-nurlan-alban-erler-qauymyna-undeu-zasady/