"Махаббат - таусылмайтын әңгіме": Динара Сұлтан желіде күйеуіне жазба арнады (фото)
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Динара Сұлтан желіде жолдасымен түскен суретін жариялап, махаббат жайлы сыр шертті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.
Динара Сұлтан демалыс күнін қалай өткізгенін Instagram парақшасында көрсетті. Өнер иесі күйеуімен бірге тауға барған.
Әнші отағасымен түскен суретін жариялап, махаббат жайлы жазба қалдырды.
"Әнсіз өмір мәнді ме? Ән түзелсе, түзейміз ғой сәнді де. Жұбайлар бар әңгімесі таусылған. Ал махаббат - таусылмайтын әңгіме", - деп жазды Динара Сұлтан.
Айта кетейік, бұған дейін Динара Сұлтан жолдасы серіктестерімен бірігіп, су тасқынынан зардап шеккендерге 100 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсеткенін айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2088761-maxabbat-tausylmaityn-angime-dinara-sultan-zelide-kuieuine-zazba-arnady-foto/