Ләйлә Сұлтанқызы 60 жасқа толған анасына әсерлі жазба арнады
Жарияланған күні:
Отандық тележүргізуші, продюсер Ләйлә Сұлтанқызы 60 жасқа толған анасына әсерлі жазба арнады. Ол өз лебізін Instagram парақшасында жазды.
Журналист өз тілегін өлең жолдары арқылы жеткізді.
"Әрқашан жанымда… Алыста жүрсем жүрегімен… Жұмыста жүрсем тілегімен… Мұңайсам уайымымен… Қуансам шексіз шүкірімен… Шалынсам берер демеуімен… Шаршасам шын қолдауымен қасымда.
Анашымның жетпісінші көктемі. Бізге Дишинкамның амандығынан басқа ештеңе керек жоқ. Қолымыздан келгенше қуанта береміз. Шуақты күнім де, жұлдызды түнімде анамның жарқын жүзінде. Туған күніңмен, Дишинкам!", - деп жазды ол.
Көпшілік тележүргізушіні анасының туған күнімен құттықтап, ақ тілектерін жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2088794-laila-sultanqyzy-60-zasqa-tolgan-anasyn-tugan-kunimen-quttyqtady/