Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басыңызға келмейінше, өмірден өтпейсіз": Мөлдір Әуелбекова жазбасымен елге ой салды

Жарияланған күні:

Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова. Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова желіде жаңа жазба жариялап, оқырмандарына біреуді сыртынан жамандаудан аулақ болуға шақырды. Өнер иесі айтылған әр жаман сөз үшін кейін жауап беруге тура келетінін ескертті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова адамның басынан қандай жағдай өтіп жатқанын білмей, оны жамандаған мүлдем дұрыс емес екенін алға тартты.

Әнші азулы жазбасын Instagram парақшасында жариялады.

"Әрдайым "Адамның сыртынан тон пішпеңіздер, мөлшері келмей қалды" деп айтамыз. Себебі сіз ол адамның басынан қандай жағдай өтіп жатқанын, күйбіңде не күн кешіп жатқанын білмейсіз. Әртүрлі жаман, артық сөз жазып, басыңызға бес елі күнә жинайсыз. Есіңізге салайын: сол әрбір ғайбат үшін міндетті түнде жауап бересіз.

Ең ауыры, айтқан әрбір жаман сөзіңіз, өзіңіздің басыңызға келмейінші өмірден өтпейсіз. Мейлі жеке басыңызыға келмесе де, балаңыз, немереңіз, бауырыңыз арқылы Алла келтіреді. Алла уәдісінде тұрушы! Сол себепті, сақ болыңыздар мұсылман бауырлар! Оның орнына жақсы ойлап, жақсы сөз жаудыра беріңіздер! Ол да, басыңызға еселеп келе береді! Құшақтадым", - деп жазды эстрада жұлдызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2088833-basynyzga-kelmeiinse-omirden-otpeisiz-moldir-auelbekova-zazbasymen-elge-oi-saldy/