"Жетімсің деп кемсітетін": сазгер Өктем Алтаев әкеден ерте айырылғанын айтты
Жарияланған күні:
Әнші Өктем Алтаев екі жастан асқанда әкесінен айырылған. Өнер иесі "Алғашқы" бағдарламасында өзін бірге ойнайтын балалардың жетім деп кемсіткенін еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Әкесіз өскен өте қиын. Қазір бірақ қанша бала әкесіз өсіп жатыр? Адам соншалық эгоист бола ма? Өзінің қара басын ойлап, балалары әкесіз өсіп жатыр. Мен осыны түсіне алмайтын шығармын. Әкемнің иіскегені, көтергені есімде жоқ. Балалармен ойын ойнағанда, "Сенің әкең жоқ. Сен жетімсің" деп мені қатты кемсітетін. Анама осыны айтып келем. Анам өте мықты адам. "Алланың ісіне не шара" дейтін.
"Әкем жоқ" деген сөзді әлі күнге айтып келем. Әкенің орны біліне береді. Жасым алпысқа жақындап қалды, әлі білінеді", - деді Өктем Алтаев.
Ал әншінің анасы күйеуінің ауырмай-сырқамай, бір күнде қайтыс болғанын айтты.
"Әкесін сағына ма, көзінде мұң болатын. Екі жастан асқанда әкесі ауырмай-сырқамай, жүрегі тоқтап қалды. Мамыр айы еді. Балалар "Сен - жетімсің" деп айтады екен. Үйге жылап келетін", - деп еске алды Өктем Алтаевтың анасы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2088905-zetimsin-dep-kemsitetin-sazger-oktem-altaev-akeden-erte-aiyrylganyn-aitty/