Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрі кинодағыдай болды": Жәния Джуринская ұлын қалай босанғанын айтып берді

Жарияланған күні:

Жәния Джуринская күйеуі мен ұлымен
Жәния Джуринская күйеуі мен ұлымен. Фото: Instagram/djurinskaya

Жақында екінші перзентін дүниеге әкелген Жәния Джуринская оқырмандарымен байланысқа шығып, оларды қызықтырған басты сұраққа жауап берді. Өнер иесі босану процесі жайлы егжейлі-тегжейлі айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жәния Джуринская екінші перзентін қалай босанғанын Instagram парақшасында айтты. Актриса ұлын дүниеге әкелу өте оңай әрі жеңіл өткенін жеткізді.

"Перзентханаға таңғы жетіде келіп, сағат 11:07-де тудым. Перзентханаға келгенде эпидуралды анестезия қойып, ішімнің астынан бастап түк сезбедім. Бір сағат ұйықтап алдым. Сосын мені "бастаймыз" деп оятып алды. Бір босануға емес, косметологиялық процедураға келгендей сезіндім. Бәрі өте оңай өтті. Тіпті сіздерге айтар қызығым да жоқ. Бәрі тура кинодағыдай болды. "Шамды бірнеше рет үрлегендей" болып едім, балам тез-ақ дүниеге келді. Мен де дәл сондай кинодағы басты кейіпкердей 40 минут бойы тоқтай алмай жыладым. Жаратқанға алғысымды айттым", - деп жазды Джуринская.

Өнер иесі өзін босандырған дәрігерлерге де алғысын жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2089049-bari-kinodagydai-boldy-zaniya-dzurinskaya-ulyn-qalai-bosanganyn-aityp-berdi/