"Аллаға тапсырдым": Анна Данченко өмірінде көптеген өзгеріс болып жатқанын айтты
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал тележүргізуші Анна Данченко соңғы уақытта өмірінде көптеген өзгеріс орын алып жатқанын айтып, елді ойландырып қойды. БАҚ өкілі басынан өтіп жатқан жағдайларға байланысты көңіл күйі болмай жүргенін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Анна Данченко өзінің қазіргі жағдайын Instagram парақшасында баяндады. Тележүргізуші бүгінде қиындыққа тап болғанын алға тартып, оқырмандарына жан сырын ақтарды.
"Бүгінгі күнім аса емес. Сол себепті жаттығу залына келіп, кардио жасаймын деп шештім. Сәл ойымды жинақтап алайын. Айтармын. Бөлісермін.
Өмірімде көп нәрсе өзгеріп жатыр. "Әр қиындықтың артында жеңілдік бар" дегендей, Аллаға тапсырдым. Демек солай болу керек", - деп жазды Анна Данченко.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2090060-allaga-tapsyrdym-anna-dancenko-omirinde-koptegen-ozgeris-bolyp-zatqanyn-aitty/