"Жүрегім ауырады": Жазира Байырбекова отандық бағдарламада көз жасына ерік берді
Жарияланған күні:
Әнші Жазира Байырбекова елдегі жағдайды ойлап, отандық бағдарламада жылап қалды. Өнер иесі "ХабарLike" бағдарламасында халықтың қазіргі күйіне алаңдаулы екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Халықтың жағдайын көріп отырып, мұңаймау мүмкін емес. Әлем қиын кезеңнен өтіп жатыр. Қаншама отбасы "Қалай болар екен?" деп, алаңдаумен отыр. Бәріміз теледидардан жаңалық көріп, әлеуметтік желіні қарап, көзімізге жас алып отырмыз. Қанша халық айрандай ұйып отырған шаңырағын тастап, далада жүр. "Күніміз не болады?" деп алаңдап отыр.
Ұйқысыз түн өткізіп жүрген қазағымды көріп, жүрегім ауырады. Жылап, көңіл көтеретін бағдарламада тәртіп бұзғаныма кешірім сұраймын", - деді көз жасына ерік берген Жазира Байырбекова.
Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық танымал әнші Жазира Байырбекова бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2090096-zhuregim-auyrady-zhazira-baiyrbekova-otandyq-bagdarlamada-koz-zhasyna-erik-berdi/