Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақша таба алмай қалдым": Дариға Бадықова өміріндегі ең үлкен өкінішін айтты

Жарияланған күні:

Дариға Бадықова сұхбат беруде
Дариға Бадықова сұхбат беруде. Видеодан кадр: Youtube/Dina Tolepbergen

Отандық танымал актриса Дариға Бадықова өміріндегі ең үлкен өкініші жайлы жан сырын ақтарды. Бұл туралы өнер иесі әріптесі Олжас Абайға берген сұқбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дариға Бадықова кезінде туған інісіне көмектесе алмағаны үшін қатты өкінетінін жеткізді. Сонымен қатар актриса қандай іс үшін адамды кешіре алмайтынын айтты.

"Өмірімдегі ең үлкен өкінішім туған ініме байланысты болды. Бір дәрі керек болды. Сол дәріні салу керек кезде ақша таппай қалдым. Соған қатты өкінемін. Сол өкініш әлі де ішімде, кетпеді. Сол дүние мені қазір шабыттандырып тұрған сияқты. Сол нәрсе үшін мен алға ұмтыламын. Мен негізі бәрін тез кешіре саламын, қолымда барымды бере саламын. Аңқаумын. Кешірмейтін нәрселерім бар. Бір зат үшін кешіре алмайтын едім. Оны көрерменге айтуға дайын емеспін", - деді Бадықова.

Айта кетейік, бұған дейін Дариға Бадықова өнердегі әріптесі Олжас Абай үшін қатты ұялған кезін еске алып, көпшілікке айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2090411-aqsha-taba-almai-qaldym-dariga-badyqova-omirindegi-eng-ulken-okinishin-aitty/