"Әкем көп ішетін": актриса Дариға Бадықова балалық шағын еске алды
Жарияланған күні:
Отандық танымал актриса Дариға Бадықова балалық шағы жайлы сөз қозғап, марқұм әкесі қандай адам болғанын айтты. Өнер иесі асқар тауы әкесі ішімдікке жақын болғанын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Дариға Бадықова балалық шағы туралы жан сырын "Біздің подкаст" бағдарламасында ақтарды. Өнер иесі әкесі көп ішсе де, үйде бала-шағаның көзінше шу шығаратын адамдар қатарынан болмағанын айтты.
"Біздің замандағы әкелердің бәрі ішті. Менің әкем де көп ішетін. Әйел де ішеді, ер адам да ішеді. Ішкілікке салынған кезде бәрі ыдырайды, әр нәрсе берекесіздікке кетеді. ішкен тамақтың дәмі құриды. Әкемнің ішкілігінен зәру көрдім дегенде, мен енді әкем ішіп келіп, анамды келіп ұрып, бәрімізді ұйқыдан оятып алып, қыратын кезі болмаған енді. Әкем ішсе де, момын ішкіш болды. Ал ағайын-туыс, көршілерден көргенім де бар. Күйеуі ішіп келсе, әйелін ұрып, балаларының берекесін кетіріп жататын. Менің әкем ондай болған жоқ, бірақ ішті", - деді актриса.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2090768-akem-kop-ishetin-aktrisa-dariga-badyqova-balalyq-shagyn-eske-aldy/