Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Адамды жеп қоясың": Дариға Бадықова Олжас Абайдың мінезі туралы бар шындықты айтты

Жарияланған күні:

Дариға Бадықова мен Олжас Абай
Дариға Бадықова мен Олжас Абай. Видеодан кадр: Instagram/dariga_badykova

Қазақстандық танымал актриса Дариға Бадықова өнердегі әріптесі Олжас Абайдың мінезі туралы айтып, ол туралы ел білмейтін жайттарды ақтарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Дариға Бадықова мен Олжас Абай бір-бірінен сұқбат алып, көптен бері қоя алмай жүрген сұрақтарына жауап алды. Өнер иелері бірге жұмыс істеген қаншалықты қиын екенін де айтып өтті.

Олжас Абай Бадықованы көрген кезде онымен ұрысқысы келетінін айтса, актриса оның "адамды жеп қоятын" қасиеті бар екенін жеткізді.

"Сені көрсем ұрысқым келіп тұрады. Әйелдер сияқты ұрысу емес. Сені көрген кезде бірден салмақты болып, әр сөзімді ойланып айтқым келеді. Сенің әр іс-қимылыңды сканнерден өткізгендей боламын. Сені мақтайтын жерде мақтап, даттайтын жерде даттап ұрысқым келіп кетеді. Ол сенің мен үшін маңызды адам екеніңді білдіреді", - деді актер.

Бадықова кино саласындағы әріптесінің мінезі қандай екенін айтты.

"Сен адамды жеп қоясың. Сенің алдында мен ғана желінбеймін. Желініп бара жатсам да, шығып кете беретін адамдардың бірімін ғой", - деді Бадықова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2090873-adamdy-zhep-qoiasyng-dariga-badyqova-olzhas-abaidyng-minezi-turaly-bar-shyndyqty-aitty/