Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұрысып қалғанбыз": отандық актрисалар түсірілім кезінде неге тіл табыса алмаған

Жарияланған күні:

Жазира Еркін, Айшолпан Байтүгелова мен Мадина Оспан
Жазира Еркін, Айшолпан Байтүгелова мен Мадина Оспан. Видеодан кадр: Youtube/Marat Oralgazin

Отандық танымал актрисалар Мадина Оспан, Жазира Еркін және Айшолпан Байтүгелова бірге жұмыс істеген қалай екенін айтып, түсірілім кезіндегі қызықтарды баяндады. Жұлдызды арулар "Солай болып қалды" атты фильміне бірге түскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актрисалар түсірілімнің басында тіл табыса алмай, сөзге келіп қалған сәттері болғанын жасырмады. Ол туралы арулар "Қызық Times" бағдарламасында айтты.

"Негізі Жазира екеуміз онша араласпаймыз. Шри-Ланкада бір рет қырылып қалғанбыз. Қырылғанымызды желіде көріп қойғандар да бар. Сондықтан жұлдызымыз теріс. Ал Мадина өзіміз. Екеуміз бір бөлмеде жаттық", - деді Айшолпан Байтүгелова.

Жазира Еркін арадағы түсініспеушілік не себепті болғанын түсіндірді.

"Айшолпанның оқырмандары мықты екен. Мойындадым. Менің парақшамды бұғаттап тастай жаздады. Мен оған "видеоға түсірмеші" деп айттым. Себебі ол кезде үстімде түнде ұйықтауға киетін киім болған. Соған ала көзбен қарағаным үшін оқырмандары жеп қойды", - деді актриса.

Мадина Оспан да түсірілім кезіндегі қызықтарды айтты.

"Жазира мен Айшолпанның арасында күйіп кеттім. Шри-Ланкаға енді келген кезде Жазира продюсерге бір бөлмеде жалғыз жатамын деп ескерткенін айтып қалды. Негізі екеуміз ұқсаспыз деп, бір бөлмеде бірге жатамыз деп ойлаған едім", - деді өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2090906-qyrylyp-qalganbyz-otandyq-aktrisalar-tusirilim-kezinde-nege-til-tabysa-almagan/