"Қашан тұрмысқа шығасың": 28 жастағы актриса Бақытгүл Серікбаева жан сырын ақтарды
Жарияланған күні:
Отандық актриса Бақытгүл Серікбаева "Қашан тұрмысқа шығасың?" деген сұрақтың жиі қойылатынын айтты. Өнер иесі "Мамский әңгіме" бағдарламасында анасымен осы тақырыпты ашып сөйлескені туралы баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Қазір 28 жастамын. "Қашан тұрмысқа шығасың?" деген сұрақ көп қойылады. Сұрақтың сексен пайызы "Жасың нешеде?", "Қашан тұрмысқа шығасың?" болады. Әлеуметтік желіде де жасымды айта бермеймін.
Қазір жеке шекара пайда болғалы, бұл сұрақ сирек қойыла бастады. Туыстарым қояды. Анамның өзі қоя береді. Бір күні анамды отырғызып қойдым да "Мені уайымдайсың білемін. Бірақ бұйыртқан күні болады. Адамымды кездестірсем, тұрмысқа шығамын. Мансап қуып жүрген жоқпын. Әркімнің Құдай қосқан адамы болады. Оны үнемі "Жақсы адам болса екен" деп тілейсің ғой" дедім. Ал осы әңгімеге дейін анам мені мансап қуып жүр деп ойлаған. Мен алтыншы сыныптан бастап қалада, әпкемнің үйінде тұрдым. Ал ата-анам ауылда тұрды. Сол кезден бастап сырласпадық, көп сөйлеспейтінбіз. Сондықтан анам мені мансап қуып жүр деп ойлаған екен. Ашық сөйлесудің көп нәрсеге көмектесетінін түсіндім. Анам қазір ондай сұрақтар қоймайды", - деді актриса Бақытгүл Серікбаева.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2091038-qashan-turmysqa-shygasyng-28-zhastagy-aktrisa-baqytgul-serikbaeva-zhan-syryn-aqtardy/