Дильназ Ахмадиеваның әкесін Тоқаев орденмен марапаттады (фото)
Жарияланған күні:
Әнші Дильназ Ахмадиеваның әкесі "Ел бірлігі" орденімен марапатталды. Бұл жайлы өнер иесі Instagram-дағы парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Бүгін әкем президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан орден алды. Тоқаев "Ел бірлігі" орденін әкеме Қазақстан халқының бірлігіне қосқан үлесі үшін табыстады", - деп жазды әнші.
Суреттен Мұрат Ахмадиевтің президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан марапат алған сәтін көруге болады.
Сонымен қатар әнші оқырмандарынан әкесіне жылы лебіз жазып, құттықтауды сұрады.
"Құттықтаймыз", "Зор денсаулық тілейміз", "Орденіңіз құтты болсын", "Өміріңіз ұзақ болсын", - деп пікір білдірді желідегілер.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік наградалары туралы" заңының 16-1-бабына сәйкес "Ел бірлігі" орденімен азаматтар ұлт бірлігін нығайту және қоғамдық татулықты қамтамасыз ету жолындағы жемісті еңбегі үшін наградталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2091668-dilnaz-ahmadievanyng-akesin-toqaev-ordenmen-marapattady-foto/