Тәуекел Мүсілім жұбайымен желідегі танымал трендті қайталады (видео)
Жарияланған күні:
Тәуекел Мүсілім мен жұбайы Махаббат ерекше видео түсірді. Актер жұбайымен желідегі танымал трендті қайталаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Видеоны түсіргенше, аяғымды сындырып ала жаздадым", - деп жазды актердің жұбайы Instagram-дағы парақшасында.
Видеодан Тәуекел Мүсілімнің әлеуметтік желідегі танымал трендті қайталап, әйелін "алақанына салғанын" байқауға болады. Осыдан кейін жұбайлар бір-бірін құшақтады.
Желі қолданушылары Тәуекел мен Махаббаттың бұл видеосын жылы қабылдап, жарыса пікір жазды.
"Сұлу мен сымбатты жігіт", "Мен жақсы көретін отбасы", "Отбасылық бақыт тілеймін", "Жарасымды жұп", "Керемет", - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, Тәуекел мен жұбайы Махаббат бүгінде екі ұл тәрбиелеп отыр.
Еске сала кетейік, актер жақында Түркияға көшетінін айтқан болатын.
"Сәуір айының соңында Түркияға барамыз. Пәтерімізді аламыз. Одан бөлек отбасымен демаламыз. Одан кейін Түркия елінде әрекет жасаймыз. Заттарды Алматыдағы үйде қалдырамыз. Ал Түркиядағы үйге жаңа дүниелер алып, жайғастырамыз.
Шетелдегі үйді таза, құрылыс жұмысы толық аяқталған күйде береді. Біз тек жиһаздарды аламыз. Түркиядағы үйді 2-3 жыл бұрын алдық", - деген болатын Тәуекел Мүсілім.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2091683-tauekel-musilim-zhubaiymen-zhelidegi-tanymal-trendti-qaitalady-video/