"Күнде қонақ келеді": Бақыт Шадаева ауылға көшіп кеткенін айтты
Жарияланған күні:
Әнші Бақыт Шадаева ауылға қоныс аударғанын айтты. Өнер иесі "Оян" бағдарламасында жер үйге көшіп, таңнан қонақ күтіп жүргенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әншінің айтуынша, ауылға қоныс аударғанына жарты жылға жуық уақыт өткен.
"Ауылға көшкеніме жарты жыл болды. Көшуді өзім қаладым. Баяғыдан ауылда тұруды армандайтынмын. Осыған дейін ауылда тұрған емеспін. Тамаша сезімде жүрмін. Жер үйге көштік.
"Мына жақта Бақыт қыз бар" деп келетін қонақтарға қуанамын. Ауламыз, бақшамыз бар. Таңымыз ерте басталады. Ауылда таң атпай үйге қонақ келеді. Сол үшін таңғы 06:00-де ұйқыдан оянып, шелпек пісіреміз. Жуынамыз да, асханаға жүгіреміз. Күнде қонақ келеді. Үлкен апалардан бастап, қолымнан шай ішіп кетеді. Сол кісілер келеді деп, шайымды дайындап отырамын", - деді Бақыт Шадаева.
Еске сала кетейік, Бақыт Шадаева осыған дейін үш некесінен де сәтсіз болу себебін айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2091707-kunde-qonaq-keledi-baqyt-shadaeva-auylga-koship-ketkenin-aitty/