Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бишімбаев көп әйелдің жарасын тырнады": Ақбота Керімбекова жаңа бейнебаян ұсынды

Жарияланған күні:

Ақбота Керімбекова
Ақбота Керімбекова. Фото: "Алғашқы" бағдарламасы

Қазақстандық танымал әнші Ақбота Керімбекова тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты пікір білдіріп, көпшілікке жаңа бейнебаянын ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Ақбота Керімбекова жаңа бейнебаян жарыққа шығарып, қоғамдағы әйелдің рөліне қатысты пікір білдірді.

"Неге-неге? Бұл менің бірнеше жыл бұрын жарыққа шығарған әнім. Өлеңін Қалқаман Сарин дейтін қазақтың талантты ақыны жазған. Әні Ізбасар Кеңесов есімді мықты музыкант інімдікі. Бір сүрініп, бір құлап өтіп жатқан өмірде өзімізге қояр сауал көп, әсіресе, әйел жаратылысында. Қай қоғамда да, қай заманда да сыны, сүрлеу-соқпағы тым бөлек қыз-келіншектердің, қазақ әйелдерінің тағдырынан менің тағдырым өзге емес", - деп жазды өнер иесі.

Эстрада жұлдызы әйелін азаптап өлтірді деген күдікке ілінген Бишімбаевтың ісі жайлы ойын айтты.

"Омақаса құлап, егіліп жылап жатқанда жұбатуға кеңдігі жетіспей жататын қазіргі кезең әйелдерге жау сияқты, тым қатал! Бір ғана Бишімбаев ісі көп әйелдің жарасын тырналағандай. Құдайдан өзге қорғаны жоқ қанша нәзікжанды тексіз еркектерінің тепкісін тағдырының тепкісіндей қабылдап, ыза-кегін ішіне булықтырған күйі өмірден өтіп жатыр. Неге? Гүлден нәзік, мақтадан жұмсақ ару ғұмырдың көп сәті неге жылаумен өтеді? Міне, осы секілді сауалдарға жауапты әннен, өлеңнен, өмірдің өзінен іздегем. Жақында бейнебаян түсірдік, сюжетін құрауға көп уақытым кеткен жоқ. Өз өмірімнен, көптің басындағы қыз ғұмырынан бірер сәтті бейнеледік тек", - деп жазды Керімбекова Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2091881-bishimbaev-kop-aielding-zharasyn-tyrnady-aqbota-kerimbekova-zhanga-beinebaian-usyndy/