Рэпер Jah Khalib Молдовадағы фестивальде өнер көрсетпейтін болды
Жарияланған күні:
Қазақстандық рэп орындаушы Jah Khalib Молодова астанасы Кишиневте өтетін Summer Fest фестивалінде өнер көрсетпейтін болды. Өнер иесінің аталмыш шараға қатыспай қалуына оның зорлық-зомбылық құрбандары жайлы айтқан пікірі септігін тигізген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Фестиваль ұйымдастырушылары соңғы жайттарға байланысты Jah Khalib Summer Fest шарасына қатыспайтынын хабарлады. Олар бұл жаңалықты Instagram желісінде жария еткен.
"Аса қиын логисткалық және құпия факторларға байланысты бұл қабылданған шешімді бұған дейін ресми жариялай алмадық. Мұндай шараны ұйымдастыру үшін күш пен ұзақ дайындық керек. Сол себепті бұл жайт бізге шешімдерді тез арада өзгертуге мүмкіндік бермейді", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін "Жизнь без насилия" атты молдовалық одақ өзінің Facebook парақшасында жазба жариялап, қазақстандық рэп орындаушы Jah Khalib-ті Кишинев қаласында өтетін Summer Fest фестиваліне қатыстырмауға шақырған болатын. Белсенділер музыкантты екі жыл бұрын ORTA подкастында зорлық-зомбылықты ақтағаны үшін айыптауда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2092424-reper-jah-khalib-moldovadagy-festivalde-oner-korsetpeitin-boldy/