"Зымыраған уақыт-ай": Асылхан Төлепов 14 жылдан кейін Сартайдың киімін қайта киді
Жарияланған күні:
Актер Асылхан Төлепов танымал "Жау жүрек мың бала" фильмінің басты кейіпкерін ойнады. Өнер иесі арада 14 жыл өткенде Сартайдың киімін қайта киіп көрді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Видеоны актер Instagram-дағы парақшасында жариялады.
"14 жылдан кейін Сартайдың киімін қайта кидім. Тура сол шапан, сол белдік. "Жоқ, бауырларым! Біз - мыңбыз", - деді Асылхан Төлепов.
Сонымен қатар актер видеода 2010-шы және 2024 жылы Сартай батырдың киімімен түскен суретін көрсетті.
Ал желі қолданушылары актердің осынша жыл ішінде өзгермегеніне таңғалып, жарыса пікір жазды.
"Мұзда сақталғансыз ба?", "Сымбаттысыз", "Осы фильм маған қатты ұнайды. Жиі қараймын", "Сартай 14 жыл өтсе де өзгермепті", "Зымыраған уақыт-ай", - деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, "Жаужүрек мың бала" фильмінің тұсауы 2012 жылы кесілді. Фильмде Асылхан Төлепов, Әлия Телебарысова, Берік Айтжанов, Болат Әбділманов, Аян Өтепберген, Құралай Анарбекова, Дәурен Серғазин және тағы басқа актерлер ойнаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2092880-zymyragan-uaqyt-ai-asylhan-tolepov-14-zhyldan-keiin-sartaidyng-kiimin-qaita-kidi-video/