Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үлгілі келінсің": қыз ұзатқан Ақерке Бүркітбай елді сүйсінтті

Жарияланған күні:

Ақерке Бүркітбай
Ақерке Бүркітбай. Видеодан кадр: instagram.com/akerkeburkitbay

"Асыл" тобының әншісі Ақерке Бүркітбай қыз ұзатқан сәтін жариялады. Әли Оқаповтың жұбайы желі қолданушыларының сүйіспеншілігіне бөленді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қыз ұзатқан сәтті Ақерке Бүркітбай Instagram-дағы парақшасында жариялаған.

"Барған жерде бағың жансын", - деп жазды Ақерке Бүркітбай.

Ал желі қолданушылары Ақерке Бүркітбайдың қыз ұзатқанына риза болып, жарыса пікір жазды.

"Ақеркенің жолын берсін", "Барлығы орнымен екен. Жарайсыз", "Қыз ұзату саған әбден лайық", "Анасына Ақеркедей келін таңдай білген Әли де мықты", "Роза апайдың келіннен жолы болды", "Қыздарға сенің жолыңды берсін", "Үлгі тұтатын адамсың", "Үлгілі келінсің ғой", - деп жазды желідегілер.

Тіпті ұзатылған ару да әншіге алғыс білдірген.

"Көп рақмет! Үлгілі келін, адал жар, ана болуды нәсіп етсін. Сіздің жолыңызды берсін", - деп жазды ұзатылған ару.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2093072-ulgili-kelinsing-qyz-uzatqan-aqerke-burkitbai-eldi-suisintti-video/