"Маңдайыма жазылғанға ризамын": Жұлдыз Әбдікәрімова тағдыры жайлы сыр шертті
Жарияланған күні:
Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жаңа жазба жариялап, адамның тағдыры жайлы сыр шертті. Өнер иесі бүгінде өз маңдайына жазылған тағдырға әбден риза екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жұлдыз Әбдікәрімова тағдыр жайлы ой-толғауын Instagram-дағы парақшасында жариялады.
"Тыныштық. Ол қай кезде болған? Әйтпесе аймен сырласқан Айшада не әбестік бар? Әр заманның өз Тасбеті бар. Тыныштығыңды ұрлайды. Әжемнің жазмыш туралы айтқандарына сеніп өстім. Бұл ғұмыр әр адамның маңдайына жазылып, өлшеніп беріледі. Мен де сол шекеме жазылған жазуға ризамын", - деп жазды актриса.
Айта кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекованың Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға айтылған сынға жауап бергенін жазған балатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2093402-mangdaiyma-zhazylganga-rizamyn-zhuldyz-abdikarimova-tagdyry-zhaily-syr-shertti/