Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маған тигеніне өкінген шығар": Қалдыбек Құрманәлі отбасылық өмірі жайлы бар шындықты айтты

Жарияланған күні:

Қалдыбек Құрманәлі
Видеодан кадр: Youtube/Hit TV

Қазақстандық танымал композитор Қалдыбек Құрманәлі алғаш шаңырақ көтерген кезін еске алып, келіншегін өзіне қалай қаратып алғанын айтты. Өнер иесі үйленбей тұрып, әйеліне көп өтірік айтқанын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қалдыбек Құрманәлі отбасылық өмірі жайлы "Алғашқы" бағдарламасында сыр шертті. Композитор мінезі ауыр екенін мойындап, келіншегі оған әрең шыдап жүргенін де айтты.

"Өз тойымды өзім жасаған адаммын. Той жақсы өтті. Тойдан кейін досымның үйіне барып тұрдық. Баратын жеріміз жоқ қой. Осы жерде бір өтірігім жайлы айтайын. "Үйім бар" десем маған көніп, тиетін шығар деген оймен жүріп жүрген кезімде "Басымда екі үйім бар" деп алдағам. Риза болғаным, әйелім үйленген соң "Сол кезде айтқан үйіңіз қайда?" деп сұрамады.

Мен көрген қорлықтың жартысын тең бөлісіп, көтерді. Кейде ренжитін, кейде маған тигеніне өкінген де шығар. Бірақ "Үйім бар деп едің" деп бетіме баспады. Құдай өзі сәтін салып, Иманғали Тасмағамбетов қалаға әкім боп келгенде маған екі үй берді. Сол кезде әйеліме "Баяғыда айтқан екі үйім осы еді" деп әзілдеп айтқаным бар. Менің бар кінәм – алдын ала айтып қойғам," – деді Қалдыбек Құрманәлі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2093432-magan-tigenine-okingen-shygar-qaldybek-qurmanali-otbasylyq-omiri-zhaily-bar-shyndyqty-aitty/