Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балаларымның абыройын ойламайды": Бейбіт Қорған өзіне қатысты қауесетке жауап берді

Жарияланған күні:

Бейбіт Қорған
Бейбіт Қорған. Видеодан кадр: Youtube/Jibek Joly TV

Сахнаға көптен бері шықпай кеткен Бейбіт Қорған бүгінде немен айналысып жүргенін айтты. Сонымен қатар өнер иесі өзіне қатысты ел арасында айтылып жатқан әңгімелерге қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бейбіт Қорған көпшілік көкейінде жүрген сұраққа "Жақсы адамдарым" бағдарламасында жауап берді. Өнерден алыстап кеткен әнші бүгінде бар уақытын отбасына арнап жүргенін айтты.

"Аллаға шүкір, бармыз. Өнерден бөлек әр адамның өз шаңырағы бар. Өнерден басқа да жұмыстарымыз, ойлайтын дүниелеріміз бар. Көбінесе уақытымды бала-шағама, әкеме, бауырларыма арнаймын. Ел қатарлы өмір сүріп жатырмыз. Қазір Астанада тұрамын. Өлең жазумен айналысамын. Балаларымның сабағы бар. Оларға барынша көңіл бөлуге тырысамын", - деді ол.

Сонымен қатар Бейбір Қорған өзіне қатысты айтылып жатқан қауесеттерге пікір білдірді.

"Айтылатын әңгіме ешқашан қалыспайды. Адам алға баса берген сайын айтылатын әңгіме де көп болады. Ондайға көп көңіл бөлмеймін. Бірақ қазір өсіп келе жатқан ұлым мен қызым бар. Олардың абыройын, оларға "қатты тиіп кетмей ме?" деп ойламайтын заман болды ғой. Мен үшін балаларыма тура жолда жүрген жақсы әке болу маңызды", - деді өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2093459-balalarymnyng-abyroiyn-oilamaidy-beibit-qorgan-ozine-qatysty-qauesetterge-zhauap-berdi/