Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртас тағы бір бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жарияланған күні:

Қайрат Нұртас
Қайрат Нұртас. Видеодан кадр: Instagram/kair_n

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Қайрат Нұртас тағы бір бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өнер иесіне концерт кезінде бейәдеп сөз айтқанымен қоса, көлікті қауіпсіздік белдігін тақпай жүргізгені үшін де айыппұл салынған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Telegram желісіндегі EGOV.PRESS арнасында Қайрат Нұртас пен тағы бір қазақстандық әнші HIRO-ның видеосы жарияланды. Бейнежазбада әртістер музыканың дауысын қатты қойып, көлікте келе жатқанын көруге болады. Бұл жағдай бойынша Қайрат Нұртасқа көлікте қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін айыппұл салынды.

"Құқықбұзушыға қатысты шаралар қолданылыды. Көлікті қауіпсіздік белдігін тақпай жүргізгені үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ӘҚБК – нің 593-бабы 2-бөлігі)", - деп хабаралады Алматы полиция департаментінің өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртас концерттегі былапыт сөзі үшін айыппұл арқалағанын жазған болатынбыз. Оған ұсақ бұзақылық үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2093492-qairat-nurtas-tagy-bir-bap-boiynsha-akimshilik-zhauapkershilikke-tartyldy/