"Мәңгі жүрегімде": Біржан Хасанғалиев өмірден өткен әкесін еске алды (фото)
Жарияланған күні:
Мемлекеттік сыйлықтың иегері, танымал әнші, сазгер Ескендір Хасанғалиев 2021 жылы өмірден өтті. Өнер иесін ұлы еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"3 жыл бұрын әкем өмірден өтті. Мәңгі жүрегімде", - деп жазды Біржан Хасанғалиев Instagram-дағы парақшасында.
Еске сала кетейік, 2021 жылы Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиева коронавирус жұқтырып, жансақтау бөліміне түскен болатын. Көп ұзамай сазгер дүниеден өтті.
Айта кетейік, Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында дүниеге келген.
Ол "Әдемі-ау", "Асыл арман", "Атамекен", "Бозторғай", "Елігім-еркем", "Есіңе ал", "Ескірмеген махаббат", "Гүл сезім" сынды бірнеше әннің авторы.
Сонымен қатар Ескендір Хасанғалиев "Құрмет", "Отан" ордендерімен марапатталған, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, "Платинды Тарлан" сыйлығының лауреаты, Алматы және Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2093510-manggi-zhuregimde-birzhan-hasangaliev-omirden-otken-akesin-eske-aldy-foto/