"Қуыршақ": иығы ашық көйлек киген Ақбота Сейітмағамбет желіде қызу талқыланып жатыр (фото)
Жарияланған күні:
Отандық танымал актриса әрі әнші Ақбота Сейітмағамбет желіде жаңа фото жариялап, ел арасында қызу талқы тудырды. Қалың көпшілік өнер иесінің сұлулығына тәнті болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ақбота Сейітмағамбет аталмыш фотоны Instagram-дағы парақшасында жария еткен. Онда әнші арудың иығы ашық көйлек киіп алғанын көруге болады.
"Жүрегім тыныштық табатын, Сен жайлы әлемде жоқ нота. Махаббат күйдірген қанатын, Аққудың баласы Ақбота", - деген өлең жолдарын келтірді өнер иесі.
Желі қолданушылары актрисаның асқан сұлулығына тәнті болып, оған жылы лебізін білдірген. Қалың көпшілік фотоны қызу талқылап, Ақботаны ертегідегі ханшайымға, түрік актрисаларына қатты ұқсатып жатыр.
"Неткен әдемісің. Көз тимесін", "Неткен әдемілік. Түрік киносындағы актрисаларға қатты ұқсап кеттіңіз", "Нағыз ханшайым", "Ең әдемі, көрікті бикеш", "Сұлулық символы", "Қуыршақ секілді", "Не деген тартымдылық", - деп жазуда оқырмандар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2100080-quyrshaq-iygy-ashyq-koilek-kigen-aqbota-seiitmagambet-zhelide-qyzu-talqyga-qaldy-foto/