Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"7 жыл тергеуші болып жұмыс істедім": Айдар Асқарбек кино әлеміне қалай келгенін айтып берді

Жарияланған күні:

Айдар Асқарбек
Айдар Асқарбек. Видеодан кадр: Instagram/ jibek_joly.tv

Көпшілікке отандық "Рауза" сериалы арқылы танылған Айдар Асқарбек кино әлеміне қалай келгенін айтты. Актер шығармашылық жолы жайлы "Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев" бағдарламасында баяндады.

Аша Матайдың ағасы осыған дейін басқа салада жұмыс істегенін жасырған жоқ.

"Ішкі істер министрлігінде 7 жыл тергеуші болып жұмыс істедім. Басқа салада өзімді көргім келіп, кету туралы шешім қабылдадым. Арыз жазып, жұмыстан шығып кеттім", - деді ол.

Ал Айдар Асқарбектің кино әлеміне қадам басуына әпкесі Баян Мақсатқызы себепкер болған.

"Содан 1-2 ай бойы ізденіп, кәсіпке мұрын сұғып жүргенде нағашы әпкем Бағым Мақсатқызының үйіне келдім. Шай ішіп отырғанда Баян Мақсатқызы құрбысы Меруерт Есенмен келді. Олар әңгіме барысында кастинг туралы әңгіме айтып отырды.

"Сакура" деген сөзді де естіп қалдым, бірақ түсінбедім. Содан Баян Мақсатқызы маған қарап, "сен өзіңді кино әлемінде көргің келмей ме?" деп сұрады. Кастинг сынамалардан сәтті өттім", - деді актер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2102249-7-zhyl-tergeushi-bolyp-zhumys-istedim-aidar-asqarbek-kino-alemine-qalai-kelgeni-zhaily-shyndyqty-aitty/