Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үндемей шығарып салған ғой": Нұрлан Қоянбаев мейрамханада қызық жағдайға тап болды (видео)

Жарияланған күні:

Нұрлан Қоянбаев
Нұрлан Қоянбаев. Видеодан кадр: Instagram/ koyanbayevnurlan

Отандық продюсер, актер әрі тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев мейрамханада қызық жағдайға тап болғанын айтты. Ол өз оқиғасын Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Нұрлан Қоянбаевтың сөзінше, ол жұбайымен мейрамханаға кешкі ас ішуге барған. Ерлі-зайыпты тамақтанып үйге қайтқан соң продюсер қызық жағдайға тап болғанын түсінген.

"Мейрамханадан "рахмет, бәрі дәмді болды" деп шықтық. Содан көлікке мініп, үйге келсем, мейрамхананың орамалын алып кетіппін ғой. Ұят болды, енді апарып тастау керек", - дейді актер видеода.

Продюсер видеоны жазбамен толықтырды.

"Олар да үндемей шығарып салған ғой", - деп жазды продюсер.

Мұны көрген көпшілік күлкіге қарқ болып, түрлі пікірлер жазып қалдырды.

"Олар да орамалды тастап кетесіз бе деп айтуға ұялған шығар", "Өзіңіз жүрген киносыз ғой", "Олар да үндемей шығарып сала ма?", "Кино түсіріп жатыр деп ойлаған шығар", "Көз тимесін деген ғой", "Әйеліңіз де үндемей ме?" , - деді жұрт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2102282-undemei-shygaryp-salgan-goi-nurlan-qoianbaev-meiramhanada-qyzyq-zhagdaiga-tap-boldy-video/