Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ішетін адамдармен араласпаймын": Олжас Абай өзі туралы ел білмейтін жайтты айтты

Жарияланған күні:

Олжас Абай
Олжас Абай. Видеодан кадр: Aq pen Qara бағдарламасы

Қазақстандық танымал актер әрі әнші Олжас Абай кейінгі екі жылда араласатын қатары сиреп қалғанын айтты. Өнер иесі өзіне бірқатар шектеу қойып, біраз адаммен байланысын үзген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кинопродюсерлікке бет бұрған Олжас Абай бүгінде ешкіммен араласпайтынын жеткізді. Өнер иесі тәртібін түзеп, тек жұмысы мен отбасына уақыт бөліп жүр екен.

"Мен осы екі жылда адамдардап, ішетін адамдардан өзіме шектеу қойдым. Қазір мен көп адаммен араласпаймын. Ешкіммен араласпаймын. Қазір тек қана жұмыс және үй тәртібімен жүрмін. Қазір тек Дариғамен ғана араласамын. Екеуміз күнде бірге шай ішеміз", - деді актер.

Сонымен қатар ол өнердегі әріптесі Дариға Бадықовамен өзін не байланыстыратынын ашып айтты.

"Арамызда адами келісімшарт бар. Жұмыс пен алға қойған мақсаттарымыз бар. Екеуміздің ұрыспаған кезіміз жоқ. Қазірдің өзінде ұрысып қалдық", - деді Олжас Абай "Revue News" бағдарламасында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2102405-ishetin-adamdarmen-aralaspaimyn-olzhas-abai-ozi-zhaily-el-bilmeitin-zhaitty-aitty/