Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ісім сендермен болсын". Ырысбала Икрамбай ұлы балабақшада шошынып қалғанын айтты (фото)

Жарияланған күні:

Ырысбала Икрамбай
Ырысбала Икрамбай. Фото: Instagram/ irisbala__ikrambai_official

Танымал блогер Ырысбала Икрамбайдың ұлын балабақшада басқа бала тістеп алған, салдарынан ол шошынып, ұйықтай алмай қиналып жатыр. Бұл туралы блогердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп жазады Massaget.kz.

Блогер балабақшаға айына 200 мың теңге төлейтінін, алайда мекеменің қарапайым бейнебақылау камерасы жұмыс істемейтінін жазған.

"Қаным қарайып отыр. Бетіне күн түсірмей, баланы қатарына қосамын деп шапқылап жүресің. Бұлар "кешіріңізші, үлгермей қалдым, байқамай қалдым, балалар ғой" деп ыржиып отырады. Барып жүргенімізге 3 ай болса да, камерасы әлі толық қосылмайды, алтыннан өріп жасайды", - дейді ол.

Ырысбала Икрамбайдың жазбасы
Ырысбала Икрамбайдың жазбасы. Скриншот: Instagram/ irisbala__ikrambai_official

Ырысбала Икрамбай баласы балабақшада шошынып қалғанын да жеткізді.

"Қолынан тістеп алған, соның кесірінен шошып, жылап, қайта-қайта оянып жатыр. Ісім сендермен болсын енді. Балаларға қарамайтын болсаңдар, балалар бір-бірін ұрып, тістеп, өз бетімен жүретін болса, атамның басына балабақша болып, ақшасын алып отырсыңдар, оған қоса арзан емес, айына әр балама 200 мың теңге төлеймін.

Балаларым бұлай тістеліп, ұрынып, соғынып үйде де жүреді. Instagram желісінде немесе сөзбен ғана әдемі уәделерді үйіп-төкпей, іске көшеміз. Балаларымыз тістеліп келіп, түнімен шошып жатсын деп емес, дұрыс тәрбие алсын, әдемі орта қалыптастырсын, дамысын деп жібереміз", - деп ашуланды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2102414-isim-sendermen-bolsyn-yrysbala-ikrambai-uly-balabaqshada-shoshynyp-qalganyn-aitty-foto/