Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Николь Шерзингер алматылық тыңдарманын сахнаға шақырып, ән айтып берді (фото)

Жарияланған күні:

Николь Шерзингер
Николь Шерзингер тыңдарманмен. Видеодан кадр: Instagram/ kazpress

Николь Шерзингер Алматы қаласындағы концертінде тыңдарманын сахнаға шақырып, ән айтып берді. Әлемдік жұлдыздың кешінде түсірілген видеолар желіде лезде тараған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

The Pussycat Dolls тобының вокалисі топ құлаған соң жеке шығармашылығымен айналысқан еді. Ал жақында америкалық әнші оңтүстік астанаға келіп, өз концертін ұйымдастырды.

Кеш барысында ол сахнаға ерекше қажеттілігі бар алматылық тыңдарманын шақырып, ән айтып берді. Желіде тараған видеоға көпшілік оң пікір жазып қалдырды.

"Мәңгі есінде қалатын болды", "Көзіме жас келді", "Ол үшін қуаныштымын", "Жұлдыз ауруымен ауырмайды", "Тізерлеп отырғанына риза болдым", "Сондай мейірімді", - деді көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2102471-nikol-sherzinger-almatylyq-tyngdarmanyn-sahnaga-shaqyryp-an-aityp-berdi-foto/