Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстан" телерадиокорпорациясы "Дара бала" мегажобасына кастинг жариялайды

Жарияланған күні:

"Дара бала"
Сурет: "Qazaqstan" телеарнасы

"Қазақстан" телерадиокорпорациясы талантты балаларды бір алаңға жинайтын жаңа "Дара бала" мегажобасына кастинг жариялайды. Телевизиялық жобаға білім, ғылым, өнер, спорт салалары бойынша ерекше дарынымен көзге түскен 3-12 жас аралығындағы балалар қатыса алады.

Кастинг:

  • Кішкентай ғалымдар (республикалық, халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлері);
  • Өнертапқыш балалар (IT-технология, робототехника, әлеуметтік, экологиялық жобалардың авторлары);
  • Спортшы балалар;
  • Шығармашыл балалар (суретшілер, қолөнер иелері, ән, би, өлең оқу, актерлік шеберлікті меңгергендер);
  • Өзге де қайталанбас, дара қабілетке ие вундеркинд балалар арасында жүргізіледі.

Үміткерлерден өтінімдер 2024 жылғы 31 мамырға дейін қабылданады.

"Дара бала" хабары "Қазақстан" телерадиокорпорациясындағы интеллектуалдық бағыттағы кезекті жоба. Бұған дейін "Qazaqstan" арнасында студент жастар арасындағы "Дара" білімділер сайысы, ұлттық ауқымдағы "Жүзден жүйрік" зияткерлік бағдарламасы, ғылым мен технология жаңалықтарын талдауға бағытталған "Технократтар талқысы" жобалары ұсынылды. "Balapan" телеарнасында "Кім тапқыр?", "IBars", "Білім бәйгесі" сынды жобалар эфирге шықты.

"Тележобаның мақсаты – еліміздің әр түкпіріндегі зияткер, шығармашыл, талантты балаларды іздеп тауып, олардың айрықша қабілеттерін көрерменге таныту. Сол арқылы өзге де балалардың талабын ұштап, шығармашылғын шыңдауға ынталандыруды көздейміз. Баланың бойындағы талантын ашуда ата-ананың рөлі басым. Сондықтан жобада тек балалар ғана өнер көрсетіп қоймай, олардың ата-аналары бала тәрбиесіне қатысты тәжірибесін бөліседі.

Жобаға өңірлердегі балалар онлайн іріктелсе, Астана мен алматылық қатысушылар үшін офлайн кастингтер ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз", - дейді Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Үміткерлер Корпорацияның qazaqstan.tv және balapan.tv сайттары арқылы 31 мамырға дейін онлайн өтінім бере алады. Ал офлайн кастинг 18-19 мамырда Алматы қаласында (Желтоқсан көшесі, 175), 25-26 мамырда Астана қаласында (Қонаев көшесі, 4) өтеді.

Қосымша ақпарат үшін: +7 747 504 6244, +7 778 506 2210, +7 705 566 3782.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2102561-qazaqstan-teleradiokorporatsiiasy-dara-bala-megazhobasyna-kasting-zhariialaidy/