Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тағы да аяғы ауыр ма": Төреғалидің келіншегімен түскен видеосы желіде қызу талқыға түсті

Жарияланған күні:

Төреғали Төреәлі келіншегімен
Төреғали Төреәлі келіншегімен. Видеодан кадр: Instagram/toregalitoreali

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі желіде келіншегімен түскен видеосын жариялап, елді ойландырып қойды. Қалың көпшілік Толқын Тұрарбекқызының аяғы ауыр деп болжап, бейнежазбаны қызу талқылады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі әйелімен түскен видеосын Instagram-дағы парақшасында жария етті. Бейнежазбада әншінің келіншегіне үлкен гүл шоғын тарту етіп, маңдайынан сүйгенін көруге боалды.

"Маған ешкім ұнамайды сен ұнайсың, Маған ешкім шыдамайды сен шыдайсың. Бағымның да тең жартысын сен құрайсың Ғашық болып көрмеп едім мен бұлай шын", - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары аталмыш видеоны желіде қызу талқылады. Оқырмандар Толқын Тұрарбекқызы алтыншы баласына аяғы ауыр екенін болжап, эстрада жұлдызын сұрақтың астына алды.

""Тағы да аяғы ауыр ма?", "Алтыншы баласын күтіп жүр ма", "Жарайсың, келінШегіне қалай қарауды сізден үйренсің бәрі", "Аяғы ауыр екен", "Тіл көзден аман болыңыздар", "Отбасын құрметтейтін азаматтарға Алла разы болсын", "Көбейе беріңіздер", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2103212-tagy-da-aiagy-auyr-ma-toregaliding-kelinshegimen-tusken-videosy-zhelide-qyzu-talqyga-tusti/