Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әуежайға бешбармақ апарған": Англиядан ұшып келген Иманбаеваны жақындары ерекше күтіп алды (видео)

Жарияланған күні:

Айгүл Иманбаева
Айгүл Иманбаева. Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

Жақында Англиядағы оқуы аяқталып, елге оралған Айгүл Иманбаеваны әріптестері ерекше күтіп алды. Өнер иесімен қызметтес жандар әуежайға бешбармақ пен бауырсақ алып барған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айгүл Иманбаева жақындары өзін қалай қарсы алғанын Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Өнер иесінің әріптестері 90-жылғы стильде киініп, көлікті арнайы безендіріп шыққан.

Видеода ұшақтан енді ғана түскен әншіге әуежайда бешбармақ, бауырсақ пен қымыз ұсынып жатқанын көруге болады. Артынан бір топ әріптесі оны қоршап алып, құшақтай бастайды. Сосын бәрі бірге көлікке қарай билеп барады.

Мұндай тосынсыйды күтпеген эстрада жұлдызы аса қатты қуанып, жақындарына алғысын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2103422-auezhaiga-beshbarmaq-apargan-angliiadan-ushyp-kelgen-imanbaevany-zhaqyndary-erekshe-kutip-aldy-video/