Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Жазира Еркін туған күнін ерекше стильде атап өтті (фото, видео)

Жарияланған күні:

Жазира Еркін құрбысымен
Жазира Еркін құрбысымен. Фото: Instagram/zhazira_yerkin

Қазақстандық жас актриса Жазира Еркін жаңа жасын ет-жақындарының арасында атап өтті. Өнер иесі туған күнін ерекше стильде өткізген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Еркін туған күн кеші қалай өткенін Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Актриса мерекелік отырыстан фото мен видео жариялап, ел назарына ұсынған.

Өнер иесінің жаңа жасын тойлауға ет-жақындары мен өнердегі достары келген. Жұлдызды қонақтар арасында Айжұлдыз Адайбекова, Балжан Бидаш, Ғани Әжікенов, Сиситай, Қабдол Тлеков және т.б бар.

Кеш қонақтары туған күн иесіне ақ тілектерін айтып, бағалы сыйлықтарын тарту етті. Оған қоса жиналған көпшілік түрлі ойын ойнап, қызықты уақыт өткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2103446-aktrisa-zhazira-erkin-tugan-kunin-erekshe-stilde-atap-otti-foto-video/