Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үнсіз құшақтап отыр": әзілкеш Мейіржан Төребаев абақтыдан уақытша үйге оралды (видео)

Жарияланған күні:

Мейіржан Төребаев балаларымен
Мейіржан Төребаев балаларымен. Видеодан кадр: Instagram/ dana_yesseyeva

Отандық әзілкеш Мейіржан Төребаев абақтыдан уақытша үйге оралды. Бұл жайында оның жары Дана Есеева Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Дана Есеева жолдасының үйге оралуына қатысты жантебірентерлік видео жариялады.

"Мейіржанның заң бойынша қарастырылған демалысы (113-бап, мекеменің шегінен тыс жерге шығу) бар. Балалардың қуанышында шек жоқ. Кішкентайлар соңғы кездесулерінен кейін сөйлей бастап, көп сұрақ қойып жатыр. Ал үлкендері оның жақында қайта Павлодарға кететінін түсініп, үнсіз құшақтап отыр.

Онда Мейіржан "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорнында жұмыс істейді, ал кешке мекемеге оралады. Бастысы, анамыздың жүрегі тынышталды. Аз уақыт болса да, жалғыз ұлы қасында", - деп жазды ол.

Көпшілік Мейіржанның отбасына оралғанын көріп, ақ тілегін жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2103545-unsiz-qushaqtap-otyr-azilkesh-meiirzhan-torebaev-abaqtydan-uaqytsha-uige-oraldy-video/