Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Міржақып. Оян қазақ" жылдың үздік отандық фильмі атанды (видео)

Жарияланған күні:

"Міржақып. Оян, қазақ" фильмі
"Міржақып. Оян, қазақ" фильмі. Фото: Instagram/murat_yeszhan

"Міржақып. Оян, қазақ!" кинотуындысы "Жылдың отандық фильмі" және "Жыл кино актері" номинациялары бойынша беделді Ticketon Award 2024 сыйлығының жеңімпазы атанды.

Бұл туралы фильм продюсері Айсәуле Әбілдә Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Міржақып. Оян, қазақ!" кинотуындысы "Жылдың отандық фильмі" және "Жыл кино актері" номинациялары бойынша беделді Ticketon Award 2024 сыйлығының жеңімпазы атанғанын қуана хабарлаймыз.

Сіздердің еңбектеріңіз бен қажыр-қайраттарыңызды, өз істеріңізге деген адалдықтарыңызды аудитория жоғары бағалады. Енді соның жемісін көрер кез келді. Құрметпен, Ticketon Award 2024 ұйымдастыру комитеті", - деп жазды Айсәуле Әбілдә.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2103554-mirzhaqyp-oian-qazaq-zhyldyng-uzdik-otandyq-filmi-atandy/