Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлзира Айдарбекова Түркияда қалай демалып жатқанын көрсетті (видео)

Жарияланған күні:

Гүлзира Айдарбекова
Гүлзира Айдарбекова. Видеодан кадр: Instagram/gulziraaidarbekova

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың гастрольдік сапарынан кейін бірден шетелге демалуға аттанды. Өнер иесінің анасы жақындарымен Түркияға ұшып барған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова Антальядағы демалысы қалай өтіп жатқанын Instagram-дағы парақшасында айтып берді. Продюсер қымбат қонақ үйлердің біріне тоқтаған. Ол тіпті оқырмандарына өзі жататын бөлмесін де көрсеткен.

"Соңғы күндері күніге ұшақ, жол, әйтеуір тыным болмады. "Алла жамандықтан емес, тек жақсылықтан шаршағанымызға сансыз шүкірлер" деп іштей шүкіршілік айтып жүремін. Шымкент, Ташкент, Түркістан, Қостанай, Қарағанды, Астана, Алматы қалаларында арасы үздіксіз қатарынан іс сапармен барып, одан міне бүгін Антальяға ұшып келдік. Күн ысыған сайын күн санап қымбаттай беретінін білесіздер. Дәл қазір демалуға ауа-райы әдемі болып тұр. Бөлмемнің ішін сіздер үшін түсіріп, салып қояйын, біле жүресіздер. Ары қарай да бәрін көрсететін боламын", - деп уәде етті Айдарбекова.

Бүгінде продюсер әсем жерлерді аралап, оқырмандар назарына түрлі фото мен видео ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2103794-gulzira-aidarbekova-turkiiada-qalai-demalyp-zhatqanyn-korsetti-video/