Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Криштиануға жету қайда": өзін футболшымен салыстырған Еркебұлан Тоқтар қызу талқыға түсті (фото)

Жарияланған күні:

Еркебұлан Тоқтар
Еркебұлан Тоқтар. Фото: Instagram/ erkebulan_toktar

Отандық актер Еркебұлан Тоқтар Instagram желісіндегі парақшасына жағалауда жатқан суретін жариялады. Елдегі ең танымал бойдақтардың бірі өзін Криштиану Роналдумен салыстырды.

Киножұлдыз өз суретінің астына әзілге толы жазба қалдырды.

"Маған Криштиануға жету қайда? Қойыңдаршы, салыстыра бермей", - деді актер.

Көпшілік Еркебұлан Тоқтардың қалжыңын шындыққа балап, түрлі пікір жазып қалдырды.

"Болмасаң да ұқсап бақ", "Месси де жете алмайды саған", "Жүрегім жаралы", "Бөлексің", "Криштиануға саған жету қайда", "Роналдудың өзі сізге қызығып жүр ғой", "Мәссаған, Криштиану деп ойлап қалдым", "Табиғат әлемі болып тұр ма десем, сіз әдемі болып тұр екенсіз ғой", "Мақтаншақ актерім-ай, бұл әлемде сенің барыңды Криштиану білсе ғой", - деді жұрт.

Ал Еркебұлан пікір жазғандар арасында әзіл түсінбейтін адамдарға таңғалғанын жасырмады.

"Әзілсіз осындай адамдар қалай өмір сүреді екен?", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2103857-krishtianuga-zhetu-qaida-ozin-futbolshymen-salystyrgan-erkebulan-toqtar-qyzu-talqyga-tusti-foto/