Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Несі ұят": жақында үшінші баласы өмірге келген Өмірқұл Айниязов немерелі болды

Жарияланған күні:

Өмірқұл Айниязов отбасымен
Өмірқұл Айниязов отбасымен. Фото: Instagram/ omirkul_ainiyazov

Отандық танымал әнші Өмірқұл Айниязовтың немересі дүниеге келді. Эстрада жұлдызы қуанышты жаңалықты Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

Халықтың сүйікті әншісі Өмірқұл Айниязовтың үшінші баласы жақында ғана дүниеге келген еді. Ал араға төрт ай салып ол немерелі болғанын хабарлап отыр.

"Осыдан 4 ай бұрын "балалардан ұят болды-ау" деп ұлды болып едім. Ал бүгін немерелі болдым, ағайын. Құттықтап қойыңыздар", - деп жазды әнші өз парақшасында.

Көпшілік өнер иесінің қуанышына ортақтасып, ақ тілегін жаудырды.

"Бауы берік болсын", "Несі ұят, тағы да балалы болыңыздар", "Қандай керемет көрініс", Екінің біріне бере бермейтін қуаныш, сондықтан ешқашан ұят емес", "Ұрпағыңмен мың жаса", "Егіз қозыдай болып өсе берсін", "Жассыз ғой", "Қандай бақыт", - деп жазды жұрт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2103869-nesi-uiat-zhaqynda-ushinshi-balasy-omirge-kelgen-omirqul-ainiiazov-nemereli-boldy/