Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аяғың ауыр ма": қызғалдақпен видеоға түскен Байырбекова жұртты қызықтырып қойды

Жарияланған күні:

Жазира Байырбекова
Жазира Байырбекова. Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Отандық әнші Жазира Байырбекова өз репертуарындағы әндердің бірін орындап, видео түсірді. Көпшілік өнер иесінің кезекті бейнежазбасына оң баға берді.

Нәзік үнімен халықтың еркесіне айналған Жазира Байырбекова Instagram желісіндегі парақшасына "Армансыз күнім болмайды" әнін жүктеген. Ол видео астына жүкті емес екенін де айтып ақталған.

"Аяғың ауыр ма?" деп жазбай-ақ қойыңыздар, көйлек өзі сондай", - деп жазды әнші.

Ал эстрада жұлдызының хит әнін қайта тыңдаған жұрт тек жақсы пікір жазып қалдырды.

"Халық құрметіне лайықты әйел", "Осы ән еш ескірмейді ғой, ұнайды", "Даусы да, өзі де тәтті", "Өзгермейтін, бір қалыпта тұратын әнші. Осы қалпыңнан айныма", "Даусыңыз сондай әдемі", - деді желі қолданушылары.

Одан бөлек жұртты Жазира Байырбекова жүрген қызғалдақ алқабы да қызықтырды.

"Қызғалдақ сені емес, сен қызғалдақты құлпыртып тұрсың", "Жамбыл облысы жақта емес пе осы жер қызғалдақтар", "Қызғалдақты бастың деп айыппұл салып жүрмесін", "Қандай әдемі", - деді көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2104001-aiagyng-auyr-ma-qyzgaldaqpen-videoga-tusken-baiyrbekova-zhurtty-qyzyqtyryp-qoidy/