Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Эмили": қазақстандық киносыншы Каннда Эмма Стоунды таңғалдырды (видео)

Жарияланған күні:

Эмма Стоун
Эмма Стоун. Видеодан кадр: Instagram/ orazkereybaev

Осыдан бірнеше күн бұрын Каннда "Мейірімділік түрлері" фильмінің баспасөз конференциясы өтті. Жиында қазақстандық киносыншы Ораз Керейбаев актриса Эмма Стоунды шын есімімен атады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шара барысында отандық журналист режиссер Йоргос Лантимос пен актриса Эмма Стоунға сұрақ қойған. Ол бірнеше рет фильмнің басты рөлін сомдаған актрисаны шын есімімен "Эмили" деп атаған.

Ал конференция модераторы Ораз Керейбаевты қателесті деп санап, сол сәтте "Эмили" деп айғайлап жібереді. Артынша киносыншыны "Эмма" деп түзейді. Ал Стоун журналиске бірден жауап қайтарып, алғыс білдіреді.

"Менің есімім-Эмили, рақмет, қуаныштымын", - дейді ол.

Дәл сол сәтте зал қол соғып, қошемет көрсетеді.

Еске сала кетейік, осыған дейін актриса түрлі сұхбаттарында сахналық лақап аты ретінде шын есімін естуді қалайтынын айтқан еді.

Баспасөз конференциясы аяқталған соң актрисаның журналиске берген жауабы ағылшын тіліндегі бірнеше БАҚ-та жарияланды. Оның ішінде The Hollywood Reporter, People және Teen Vogue басылымдары бар.

Ал әлем елдерінің назарын аударған сәтті отандық киносыншының өзі Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2104010-emili-qazaqstandyq-kinosynshy-kannda-emma-stoundy-tanggaldyrdy-video/