Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Хюррем сұлтан": актриса Мерьем Узерли қазақстандықтарға сәлем жолдады (видео)

Жарияланған күні:

Мерьем Узерли
Мерьем Узерли. Видеодан кадр: Instagram/ asharimov

Отандық танымал продюсер Алпамыс Шәрімов Канн фестивалінде танымал актриса Мерьем Узерлимен кездесті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көпшілікке "Хюррем сұлтан" рөлімен танылған актриса Канн фестивалінде қазақстандықтарға сәлем жолдады. Ал киножұлдыздың видеосын продюсер Алпамыс Шәрімов өз парақшасына жүктеді.

"Қазақстан өте әдемі жер. Мен ол елді жақсы көремін. Қазақстанға сәлем", - деді Мерьем Узерли.

Ал продюсер бұл таныстыққа қуанғанын жасырған жоқ.

"Бүгін Каннда жақсы бір таныстық болды. Ол сіздерге "Хюррем сұлтан" болып танылған түрік актрисасы Мерьем Узерли", - деп жазды ол.

"Тамаша. Өз рөлін керемет сомдаған актриса", "Алпамыс, өзіңдей көшбасшылар көп болсын", "Хюррем сұлтан ғой, керемет актриса", "Мерьемді көру-арманым", "Жыл кездесуі ғой", - деді көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2104011-hiurrem-sultan-aktrisa-merem-uzerli-qazaqstandyqtarga-salem-zholdady-video/