"Тауып жатқан ақшам бастан асты": Дина Төреәлі оқуға не себепті түспегенін ашып айтты
Жарияланған күні:
"Ұлы дала баласы" Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі мектептен кейін жоғары оқу орнына не себепті түспегенін ашып айтты. Блогер арудың болашаққа жоспары қандай екенін KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.
Дина Төреәлі Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен тілдесіп, өзіне қатысты бірқатар жайтты ақтарды. Желі жұлдызы мектеп тәмамдаған соң, оқуға неге түспегенін айтты.
"Себеп жоқ. Ойланып жүрдім. Сол кездегі өміріммен рахаттанып жүрдім. Тауып жатқан ақшам бастан асты. Әке-шешемнің, кішкентай бауырларымның қасында уақыт өткіздім. Соңына қарай не болғанын өздеріңіз білесіздер. Америкаға 1 жылға жоспармен кететін болып, тұрмысқа шығып кеттім", - деді ол.
Сонымен қатар Дина Төреләлі болашақта басқа елде білімм алуға ниетті.
"Алдағы уақытта шетелде күйеуіммен, баламмен барып, білім алуға жоспар бар", - деп жазды блогер ару.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2104068-tauyp-zhatqan-aqsham-bastan-asty-dina-toreali-oquga-ne-sebepti-tuspegenin-ashyp-aitty/