"Ата-анамыздың ақшасына өмір сүрмейміз": Дина Төреәлі табысы жайлы айтты
Жарияланған күні:
Бүгінде декреттік демалысқа шыққан Дина Төреәлі көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап беріп, табысы туралы бар шындықты айтты. Блогер ару күйеуі екеуі ақшаны қайдан алатынын түсіндірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Дина Төреәлі Instagram-дағы парақшасында сұрақ-жауап ашып, оқырмандарымен сырласты. Желі қолданушыларының бірі блогер арудан күйеуі екеуінің табысы жайлы сұрады.
"Ақшаны қайдан аласыңдар? Екеуің де үйдесіңдер. Әлде ата-ене береді ма", - деп сұрады оқырман.
"Көп қаңғырасыңдар десеңізші. Біздікі сол көзге көрінбейтін жұмыстар. Ата-аналарымыздың ақшасына өмір сүрмейміз. Алланың беріп жатқан шексіз ризық несібесі", - деп жауап берді Дина Төреәлі.
Айта кетейік, бұған дейін Дина Төреәлі мектептен кейін жоғары оқу орнына не себепті түспегенін ашып айтқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2104080-ata-anamyzdyng-aqshasyna-omir-surmeimiz-dina-toreali-tabysy-zhaily-aitty/