"Батыстың жігітімен сөйлеспеймін дедім": Балжан Бидаш жеке өмірі жайлы жан сырын ақтарды
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Балжан Бидаш жеке өмірі жайлы сыр шертіп, қалың көпшілікке өзіне қатысты тың жайтты ақтарды. Өнер иесі тұрмысқа шықпас бұрын батыстың жігіттері мүлдем талғамына сай болмағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Балжан Бидаш басы бос кезінде батыс өңірдің жігіттері мен актерларды мүлдем қарастырмағанын алға тартты.
"Негізі "мынандай жігітпен таныспаймын, жүрмеймін" деген талабыңды сыртқа шығарғанша, сол энергетиканы іште сақтаған дұрыс. Мысалы мен тұрмысқа шығар алдында "батыстың жігіттерімен сөйлеспеймін, актер жігіттер ұнамайды" деп көп айтатынмын. Ондай жігітпен таныспаймын, тұрмысқа шықпаймын деген ойда болдым. Түбінде дәл сол нәрсе орындалды", - деді әнші ару.
Сонымен қатар өнер иесі ажырасқан ер адамға тұрмысқа шығуға қатысты ойын айтты.
"Махаббат деген нәрсе бар. Қанша жерден талғамыңа сай келмесе де, жақсы көріп қалсаң өз сөзіңе өзің қарсы шығасың. Ең бастысы әйелі бар адамдармен сөйлеспей, жақындамаған дұрыс. Сол отбасыны бұзбаған дұрыс. Ал енді ажырасқан, балалары болса уақыт көрсетеді. Мен өзім қазір жеке өмірге мүлдем дайын емеспін. Бұгінде жеке өмірді шетке ысырып қойдым", - деп ағынан жарылды Балжан Бидаш "Мамский әңгіме" бағдарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2104299-batystyng-zhigitimen-soilespeimin-dedim-balzhan-bidash-zheke-omiri-zhaily-zhan-syryn-aqtardy/