"Жұғысты болсын" деудің өзі ыңғайсыз": Балжан Бидаш тұрмыста болған кезін еске алды
Жарияланған күні:
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Балжан Бидаш тұрмыста болған кезін есіне алып, басынан өткен жағдайды айтып берді. Әнші ол кезде "қашан туасың" деген қысым көрмесе де, барған жерінде бәрі "жұғысты болсын" деген ниетпен түрлі заттар сыйлаған. Алайда бұл жайт өнер иесіне аса ұнамаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Балжан Бидаш тұрмыста болған жылдары өзіне көп адам балалы болуды тілегенін айтты. Алайда "жұғысты болсын" деген сөз әншіні ыңғайсыз жағдайға қалдырған.
"Мен екі жарым жыл тұрмыста болдым. Бірақ "қашан туасың?" деген сұрақ пен қысым болмапты. Бірақ осы тұста көзге көрінбейтін нәрсе бар. Бір жерге барғанда бөпелермен суретке түскенде "жұғысты болсын" деп көп айта берді. "Жұғысты болсын" деп бөпенің киімдерін, түрлі заттарды беріп жатады ғой. Мен де сондай жағдай көп болды. Сол "жұғысты болсын" деген сөздің өзі ыңғайсыз жағдайға қалдырады", - деді әнші "Мамский әңгіме" бағдарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2104323-zhugysty-bolsyn-deuding-ozi-ynggaisyz-balzhan-bidash-turmysta-bolgan-kezin-eske-aldy/