Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айыппұл төлейсің": көкнар алқабында гүл жұлған Қайрат Нұртас жұрттың назарын аударды (видео)

Жарияланған күні:

Қайрат Нұртас
Қайрат Нұртас. Видеодан кадр: Instagram/ kair_n

Отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас көкнар алқабында гүл жұлған видеосын жариялады. Ерекше кадр жасауды мақсат тұтқан әнші көпшілікті айыппұлға қатысты алаңдамауға шақырды.

Өнер иесі табиғат аясындағы видеосын Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді. Ол жұлған гүлдің қызғалдақ емес екенін алдын ала ескертіп қоюды жөн көрді.

"Қазақстанымыздың табиғаты керемет қой, шіркін. Жұлынған гүл қызғалдақ емес, шабындықта өсетін кәдімгі мак (көкнәр-ред. ескертпесі) гүлі. Уайымдамаңыздар. Сіздерге әдемі табиғатты көрсету үшін ақ шалбар мен жаңа аяқ киімді құрбан еттік", - деп жазды әнші.

Желі оқырмандарының арасында айыппұлға қатысты пікір қалдырғандар көп болған жоқ..

"Айыппұл 11 млн", "9 млн айыппұл кетті", "Бүгіннен бастап көкнәр жұлғаны үшін айыппұл деп жүрмесін", "Гүлді жұлма, айыппұл төлейсің", - деді олар.

Оқырманның басым бөлігі назарын айыппұлға емес, Қайрат Нұртастың өзі мен табиғаттың әсемдігіне аударды.

"Міне, деңгей", "Не деген керемет жер", "Ақ шалбардың балағын көріп, уайымдап жатқандар жоқ па?", "Сенің сұлулығыңа қараймын деп табиғатқа мән бермеппін", "Өзі ақ раушан болып келе жатыр", "Тау әдемі болып тұр екен", "Бір өзі күшті болып жүр", "Балақтың бәрі балшық болыпты", "Концерттеріңді бітіріп, табиғатқа шығып кеттің бе? Таза ауа жанға дауа", "Гүлдің өзі бақытты шығар", - деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2104713-aiyppul-toleising-koknar-alqabynda-gul-zhulgan-qairat-nurtas-zhurttyng-nazaryn-audardy-video/