Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жерлеуге жете алмадым": Айгүл Иманбаева марқұм әкесін еске алып, жылап қалды (видео)

Жарияланған күні:

Айгүл Иманбаева
Айгүл Иманбаева. Фото: Instagram/ aigul_imanbayeva

Жақында ғана Англиядан оралған әнші Айгүл Иманбаева "1001 түн" бағдарламасына сұқбат берді. Әңгіме барысында эстрада жұлдызы марқұм әкесін еске алып, жылап қалды.

Шетелде білім алып келген Айгүл Иманбаева әкесінің берген батасы жаңа кезеңге жол ашқанын атап өтті. Оның сөзінше, әкесі өз миссиясын орындап, дүниеден озған.

"Осы концертімде әкем маған шын жүрегімен батасын беріп кетті. Ол мен үшін өте маңызды еді. Бүкіл жолымның, бүкіл өмірімнің кілті ашылғандай болды. Орта жас дейміз ғой, дәл осы жасқа дейін менің Айгүл болып қалыптасуым үшін басқа бір кезеңді берген екен.

Орта жасымнан бастап басқа өмірдің кілті менің әкемнің қолында болыпты. Соның барлығының есігін ашып кетті. Өз миссиясы аяқталғаннан кейін өмірден кете беріпті. Мен оны қазір түсініп жатырмын", - деді эстрада жұлдызы.

Осы тұста өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып сала алмағанын айтып, көз жасына ерік берді.

"Дәл сол сәтте маған өте ауыр тиді. Біріншіден, өз сөзім өзіме келіп тиді. Әкеммен табыспай тұрғанда, қатты бір ұрсысып қалғанда балалық ренішпен "өлсеңіз, топырақ салуыңызға келмеймін" деп айтып кеткенмін. Сол сөзімді Құдай қабыл етті ме, білмеймін. Әкемді жерлеуге жете алмай қалдым.

Себебі Англияға барғанда мәдениетімен танысып, спектакльдерін, қаласын көргім келіп, Франция арқылы шенген визаға тапсырып қойғанмын. Өзім Англиядамын, ал құжаттарым Францияда жатты. Содан жан-жақтан хабарласып, әкемнің бауырында қатерлі ісік бар екенін білмегенін, ауруханада комадан оянып, бірден қайта ұйықтап кеткенін, сол күйінше кетіп қалғанын айтты", - деді Айгүл Иманбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2104719-zherleuge-zhete-almadym-aigul-imanbaeva-marqum-akesin-eske-alyp-zhylap-qaldy-video/