Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бос палата жоқ": актриса Жәния Джуринская ұлымен бірге ауруханаға түсті (фото)

Жарияланған күні:

Жәния Джуринская
Фото: Instagram/djurinskaya

Қазақстандық танымал актриса Жәния Джуринская ұлымен бірге ауруханаға түсті. Өнер иесі перзентінің денсаулығы жақсармаған соң, оны ауруханада емдетуді жөн көрген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жәния Джуринская ұлының дүниеге келгеніне 40 күн болғанда "қырқынан шығару" рәсімін өткізудің орнына ауруханаға жатып қалғанын айтты. Актриса баласының жөтелі күшейе бергендіктен қорқып, оны білікті мамандардың көмегімен емдетуді шешкен.

Сонымен қатар өнер иесі қазіргі уақытта көп бала ауырып жатқанын айтып, ауруханада бос палата жоқ екенін жеткізді.

"Бүгін баламызға 40 күн болды. Ал біз болса инфекциялық ауруханаға түсіп қалдық. Қызым ойын-сауық орталығына барған. Содан кейін бәріміз отбасымызбен ауырып қалдық. Софи мен Данияр бір аптада жазылып шықты. Ал ұлым екеуміздің ауруымыз созылып кетті. Қызымды емдеп жүргенде өзім де ұшып түстім. Ауруханаға жатып шықтым. Сосын ұлым жөтеле бастады. Екі апта бойы жөтелі кетпей қойды. Қорқып кеттім.

Мен шыдамай, түнде ұлымды алып ауруханаға бардым. Ақылы да, стандартты палата да бос емес. Көп бала ауырып жатыр. Бізді массаж жасайтын бөлмеге орналастырды. Ертесіне ақылы палатаға ауыстық. Дәрігерлер мен медбикелерге алғысым шексіз. Күні-түні қарап жүреді", - деп жазды Джуринская.

Актриса қазір баласының жағдайы қандай екенін де айтты.

"Қазір бәрі жақсы. Жөтелі азайды. Дене қызуы жоқ, жағдайы жақсы. Бірақ дәрігерлердің бақылауында болу керек", - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Жәния Джуринскаяның Stories-i
Жәния Джуринскаяның Stories-i. Скриншот: Instagram/djurinskaya

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2104788-bos-palata-zhoq-aktrisa-zhaniia-dzhurinskaia-ulymen-birge-auruhanaga-tusti-foto/